100 мың теңге пара үшін Ақсу қаласының шенеунігі 5 миллион айыппұл төлеуі керек. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы азаматқа техниканы басқаруға рұқсат беретін тракторшы куәлігін заңсыз алуға көмектеспек болған.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Күдіктің кінәсі куәгерлердің сөзімен және заттай, сондай-ақ, құжаттық айғақтармен дәлелденді. Сот 5 млн теңге көлемінде айыппұл сала оатырып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды. Параға берілген 100 мың теңге мемлекет меншіген өтті. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.