Достық үйінде «Отбасы – тәрбие бесігі» фестивалі өтті. Онда оқушылар әдет-ғұрыптар мен отбасылық дәстүр үлгілерін көрсетті. Толығырақ шараға қатысып қайтқан тілшіміз баяндайды.

Фестиваль республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының аясында өтті. Шараның басты мақсаты – тарихи-мәдени негіздерді сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу.

№ 14, 18, 35, 40 және 43 жалпы орта білім беру мектептерінің шәкірттері, ұстаздары мен ата-аналары қойылымдар көрсетті. Көрерменге көрісу күні, ұйқыашар, абысын асы, құдалық және наурызнама дәстүрлері таныстылды.

Фестиваль жыл соңына дейін жалғасады. Ай сайын түрлі мектеп шәкірттері өнерлерін ортаға салады. Ал үздіктер 20 қараша – дүниежүзілік балалар күнінде анықталады.

Жұлдыз Қабылденова