Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға су жаңа баспананың кілті табысталды. 5 бірдей үйге баспанасы суға кетіп, жарамсыз болып қалған үйдің тұрғындары қоныстанады. Салтанатты шараға облыс әкімі, депутаттар, ауыл тұрғындары қатысты.

Серік Ахметов - Жалаулы ауылының байырғы тұрғыны. Осы елде туып, өсіп өнген. Тосынан келген тасқын су баспанасын жарамсыз қылып кетті. Алайда, үйсіз қалған жоқ. Оған ауылдың дәл ортасынан 4 бөлмелі жаңа үйдің кілті табыс етілді.

СЕРІК АХМЕТОВ - ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Өздерің көріп тұрғандай осындай міне 5 үй салынып ашылу салтанаты болып жатыр. Рахмет Ақтоғай әкіміне өзіміздің жергілікті әкімге. Елдің жігіттеріне қол үшін тигізген. 00-50 Бәріне рахмет! Жақсы күшті әсем үй салынды деп ойлаймын.Көрген бейнетіміз барлығы артта қалсын. Келешекте осындай жағдай Қазақстан еліне келмесін деп айтам.

Тасқынан зардап шеккен тағы бір отбасы Сматаевтар әулеті. Отбасының 6 баласы бар. Оларға да жаңа 4 бөлмелі баспана бұйырды.

МАРХАБАТ СМАТАЕВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Осынай қысқа уақыт ішінде жаздың ортасына жеткізбей 5 үй салып берді. Көптен көп рахмет! Мен өзім өте ризамын. 4 жаңа көршімнің атынан рахмет айтамын.

Қоныс тойға өңір басшысы Асайын Байханов та қатысып, үй иелерін қуанышты сәтпен құттықтады.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мен 30 наурыз күні кездестім. Секең бар, Мархабат ағамыз бар қасымызда. Көңіл күйлері жоқ. Не істейміз? Үйді су басып кетті. Бала шағамыз далада. Не боламыз? Көмек бола ма? Күнәміз бар деген сияқты әңгіме болды. Сондықтан, мен айтқам бәріміз ер азаматпыз ғой. Ер азаматтың басына не келіп кетпейді. Сондықтан, қиындықта төзімділік танытып, сабырлық білдіріп, татуластықты бір ашуға сатпай,осының бәрі берекенің арқасы. Құтты болсын бәрі.

Қоныс тойға шашу ретінде өңір депутаттары үйлерге қажетті тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Ал Аналар кеңесі де өз тарту таралғыларын жасады.

5 бірдей үй бар жоғы 2 жарым айда салынды. Баспанада қажеттінің бәрі бар. Қаладағы үйлерден кем емес.

АЛЕКСАНДР ТЕРЕНТЬЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Біз осыдан 3 ай бұрын үй құрлысын маусым айының соңында тапсырамыз деп уәде берген едік. Сол уәдемізде тұрдық. Үйдің сапасы өте жоғары. Біз оған кепілдік береміз. Үйдің ауласы қоршалған. Баспананың көлемі 102 шаршы метр құрайды. Ұзақ жанатын пеш қойдық. Сондықтан, бұл үй тұрғындарға жайлы болады деген ойдамыз.

Естеріңізге салайық, тасқын судан Жалаулыда 14 үй зардап шеккен болатын. Қалған 9 үйге жөндеу жұмыстары жасалынды. Барлығы да дән риза.

Өзгеріс Қуанар