Аймақтық Ертіс арнасының түсірілім тобы шекара асып Алтай республикасында орналасқан Қос-Ағаш ауылына барғанын еске саламыз. Арнайы жоба аясында ауданның тынысымен танысып қайтты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Орман, дала, тау тундрасы және альпі шалғындары. Ресей жерінің осындай табиғатында да қандастарымызды табуға болады. Алтай республикасына қарасты Қос-ағаш ауданында Моңғолия, Қытай Халық Республикасы және Қазақстан шекаралары шектескен ортада дәстүрін ұмытпаған қазақ ауылы бар.

СЕРІКЖАН ҚЫДЫРБАЕВ, «ҚОШ-АҒАШ АУДАНЫ» МУНИЦИПАЛИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бізде Қос-ағашта 20 мың халқымыз бар. 20 мыңның ішінде Қазағымыз бар, Алтай халқы бар, Орыс халық бар. Бірақта біз қазақтар осында Қошағашқа келгелі бері 200 жыл болды деп есептеледі. Бірақ та мен ойласам 200-ден де көп қой деймін.

Ауылда үш ұлт, Алтайлықтар, Орыс ұлты және қазақтардың дәм тұзы жарасқан. Бұл ауылдың құрылымы өте ерекше. Айналада таудан басқа өсіп тұрған бұтаның өзін кездестіру мүмкін емес. Алайда ауыл үйлерінің басым бөлігі ағаштан салынған.

СЕРІКЖАН ҚЫДЫРБАЕВ, ҚОШ-АҒАШ АУДАНЫ» МУНИЦИПАЛИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Құдайға шүкір енді біздің малымыз бар. Қошағаш десе өзініз көріп тұрсыз шөп өспейді. Ағаш өспейді. Ну бірақ та малымыз бар. Малымыз көп, малымыз жетеді. Қошағаш халқы малмен жан сақтайды.

  РАЙБЕК ҚАЛИЕВ, ҚОСАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Әке шешем мал ұстап бастаған. Одан қалған енді сол жалғастырып келе жатырмыз. Өз меншік малым. Өзімнің жеке кәсібім жазда

Елдімекен теңіз денгейінен 2000 метрге жуық биікте орналасқан. Күннің көзі ұзақ тұрақтайтын ауыл бұл құбылысты бағындырып, тоқ көзін күннен алады.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ

Бұл Қосағаш ауданындағы үлкен электр станциясы жылына 15 млн кВт тоқ өңдірет. Жалпы, ауыл күнге жақын орналасқандықтан бұндай электрстанциясының берер қуаты да аз емес. Алдағы жылдары бұның саны ұғайту жоспарланып отыр.

СЕРІКЖАН ҚЫДЫРБАЕВ, ҚОШ-АҒАШ АУДАНЫ» МУНИЦИПАЛИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Біздесе осы подстанцияны екі этаппен салдық. Қазір мынаның мошьносі 10 квт болып саналады. Бірінші 5 квт салдық. Енді ойда бар тағы үлкендетейік деп осындай технологияларды

Қос-ағаш ауданы туралы басқа да қызықты деректерді жуырда Ертіс арнасының көрермендеріне ұсынылатын «Мен қазақпын» хабарынан көре аласыздар!

Байтұрсын Жұмабай