Жезқазған мыс комбинатының дүниеге келуі, ондағы мол байлықтың игерілуі академик Қаныш Сәтбаевтің есімімен тікелей байланысты. Оның еңбек жолы да осы жерден басталған. Толығырақ алдағы сюжетте.

Жезқазған мысы, Қарсақбай зауытының салынуы жанкешті еңбекті талап етті. Қаныш Сәтбаев 15 жыл бойы қиыншылықтармен күресіп, сайын дала төсінен Жезқазған атты шаһар салғызды. Әлемдегі ең үлкен кен орнын тұрғызды. Жас инженер Қаныш 1926 жылы оқу бітіріп, жүк тасымалдаушыларға ілесіп, теміржол алабымен Қарсақбайға барған екен.

ЗЕЙПІН ҚАЗАНБАЕВА, МӘПЕН ТӨРЕГЕЛДИН АТЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ЖӘНЕ БАЛҚЫТУ ІСІ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ

1926 жылы болашақ академик, оқу бітіріп келіп, Қызылордадан Жосалыға түскеннен кейін, Қарсақбайға дейін осы теміржолмен келген.Алғашқы жүк тасымалдаушыларға ілесіп, Қарсақбайға барамын деген жас инженерді сол керуеннің басшысы меңсіркенбейді. Біздің Қарсақбайға жылына бір геолог, бір ғалым келеді, көп болса соның бірі шығарсың дейді керуеннің басшысы Шенеу деген атамыз. Менің үйімде, төрде былтыр келген инженердің қалпағы әлі ілулі тұр, қалпағына қарамай ол кетіп қалған сенде кетіп қалатын шығарсың депті.

Қаныш Сәтбаевтың қалдырған алып жобалары - қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына тірек болды. Игілігін ел талай ғасыр көре бермек. Дара дарынның ұлы істерімен халқы мақтанады.

ЗЕЙПІН ҚАЗАНБАЕВА, МӘПЕН ТӨРЕГЕЛДИН АТЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ЖӘНЕ БАЛҚЫТУ ІСІ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевті қазақтың маңдайына, Жезқазғанның , Қарсақбайдың маңдайына жазды. Ол осы жерде 15 жыл табан тіремей біздің Орталық Қазақстанның қазба-байлықтарын зерттеп, әлемге паш етіп кетті.

Бүгінде жерленген ұлы ғалымның тәні ғана, ал жаны бейіштің төрінен орын алып, есімі ұлтынының жүрегіне жазылғаны сөзсіз.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА