Павлодар облысында православтықтар атап өтетін крещение мерекесіне су айдындарында 11 ойық дайындалды. Онда барлық тиісті қауіпсіздік шаралары сақталған. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысында қараша айынан бастап «Мұз» профилактикалық рейді өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде 1000-нан аса түрлі деңгейдегі шара қолға алынды.

ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ

Бүгінгі таңда су қоймалары үстіндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы профилактикалық іс шаралар өткізіледі. 1000-нан аса рейдтік іс шаралар өтті. Осы іс шараларға басқа да құзырлы органдар қатысады. 2721 адам тартылды. Осы күнге бізде толтырылған хаттамалардың 69, айыппұл сомасы 900 мыңға шама.

Төтеншеліктер жауапты органдармен мұз үстіндегі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында қарқынды тексеріс жүргізуде. Соның нәтижесінде өңірде бірде бір адам мұз астына кетпеді.

ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ

Облыс бойынша мұз астына кеткен адамдардың оқиғалары тіркелмеген. Яғни ол соңғы оқиға 2024 жылы шаңғышының су астына кетуі. Ол құтқарылды. Одан басқа 2024 жылы бір автокөлік мұз астына кеткен болатын Екібастұз қаласында.

Одан бөлек, 19 қаңтарда православтықтардың «Крещение Господне» мерекесі атап өтіледі. Осыған орай өңіріміздің қала, аудандарында су қоймаларында 11 орын әзіленген.

ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ

Облыс бойынша суға түсетін 11 орын әзірленеді. Аталмыш орындарда жеке құрамның кезекшілігі ұйымдастырылады. Павлодар қаласында Усолка мөлтек ауданында, Ақсуда орталық жағажайда, Екібастұзда екі орын болады, ол Шідерті мен Екібастұздың өзінде. Қалғаны аудандарда орналасады. Қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

Бұл күні дінге сенушілер суға түсуге асығады. Өздерімен бірге балаларын алып келетіндер де бар. Осы ретте дәрігерлердің бұған айтары бар.

ИГОРЬ КОЛЕСНИЧЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫ ТЖД АПАТТЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұл процедура қысқа мерзімді болғандықтан адамның ағзасына қауіпті емес. Тіпті пайдалы гормондарды түзеді. Егер денсаулығында ақауы бар болса онда суға түсу процедуралары медициналық себептермен қарсы. Былтырмен осы шараға қатысты үш жасқа дейін 10 шақты баланы көрдім. Яғни ата аналары алып келген.

Сонымен, мұз үстіндегі жағдай төтеншеліктердің жіті бақылауында.

Самал Қалиқызы