Павлодарлық төртаяқты тәртіп сақшылары былтыр 258 қылмыстың бетін ашқан. Жалпы кинологиялық орталықта 20 ит бар. Полиция қатарында иттердің болуы қаншалықты маңызды? Толығырақ келесі сюжетте.

Кинологиялық орталықта ашылған қылмыстардың 79-ы есірткіге қатысты. Иттердің көмегімен 39 кг есірткі тәркіленген. Бұдан бөлек, 2 адам өлтіру, 33 ұрлық фактілерінің беті ашылған.

НИЯЗ ВАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Кезекшінің күн тәртібі итті дайындаумен басталады. Итті екі мезгіл қоректендіреді., таңертен және кешке. Және 102 пультына түскен қоңырауларды кезекші хабарлайды. Ұрлыққа кісі өлтіруге зорлыққа есірткі жарылғыш заттарды іздеуге иттер күнделікті жұмыс тәртібі

Мұнда 20 қызметтік ит бар. Олар жарылғыш заттарды, есірткі өнімдерін және адамдарды іздейтін иттер болып бөлінеді. Сонымен қатар, андрологиялық іздеу, яғни саусақ іздерін анықтайтын төртаяқтылар да бар. Жыл басында Алматы қаласындағы кинологиялық орталыққа 8 итке тапсырылыс беріліпті.

НИЯЗ ВАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Бізде жаңағы іздеу бойынша неміс овчаркалары қолданылады. Жаңағы есірткі заттарын, жарылғыш заттарын іздеу бойынша белгиялық овчаркалар қолданылады. Адамның өзінің ынтасы болмаса, шақыра алмайсың, адамның өзінің ынтасы болуы керек

Мәселен, мына бельгиялық овчарканың лақап аты «Боран». Мұнда 2019 жылдан бастап қызмет істейді, әрі еңбек демалысына да шығады. Жалпы бұндай иттердің бойында байсалдылық, төзімділік, ерекше түйсік сияқты сезімдер жақсы дамыған дейді мамандар.

Айта кетейік мұндай иттер полиция қызметкерлерімен қылмыстарды сәтті атқарады. Өткен жылы 200-ден астам іс ашылған.

Қымбат Садық