Павлодар қаласының №25 мектебінде робототехникадан жарыс өтті. Оған 2008-2016 жылдары туған оқушылар қатысып өзара бақ сынасты. Шара барысында қатысушылардың шығармашылық қабілеттері сынға түсті.

Жарысқа қатысқан оқушылар роботтарды құрастыру және бағдарламалау бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Ұйымдастырушылар бұл жарыс балалардың техникалық дағдыларын шыңдауға және инженерлік білімдерін іс жүзінде көрсетуге таптырмас мүмкіндік берді дейді.

АЛТЫН КАРАМУРЗИНА, БАЛАЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ

Бүгін 25 жалпы орта білім беру мектебінде робототехника жарысы өткізіліп жатыр. Конкурсқа 16 мектептен 25 топ қатысып жатыр. Турнирдің басты мақсаты осы саладағы дарынды балаларды анықтау және қолдау. Чемпион 7 категория бойынша өткізіліп жатыр. Роботег, мерген, жеткізуші робот. Туды жеткізу роботы. Орын алған топтар облыстық чемпионатқа өтеді. Бұл қазіргі таңда елімізде қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі.

Жарысқа қатысқан оқушылар тапсырмалар орындайтын роботтарды таныстырды. Ол жол бойымен қозғалудан бастап, жүк тасымалдау және дәлдікпен нысананы көздеуге дейін әрекеттерді орындады. Әр қатысушы өз жобасының ерекшеліктерін түсіндіріп, оның артықшылықтарын көрсетті.

ӘЛІМЖАН АМАНГЕЛДІ, ҚАТЫСУШЫ

Робототехникамен 1 жыл мектепте айналысамын. Робот осы қара жолмен жүріп, шарды алып оны алып өзіне апарып, машина бір қатарға тұрып, атады. Ол жерде кегілдер тұрады. Ол кегілді соғу керек. Ол үшін ұпай беріледі. Сол роботты досыммен істедім. Ол роботты мектептен қалып жасадық. Өзі үлкен робот. Кішкене қиын болды істеуге. Ол роботты істеп болған соң программаға енгіздік. Программаға да бір күн кетті. Барлығын тексеріп, осында келдік.

Айта кетейік, жеңімпаздар арнайы мадақтама қағаздармен марапатталып, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Сабина Жолдаспаева