Павлодар облысының боксшылары Қазақстан чемпионатына қызу дайындық үстінде. Оларға тәжірибелі жаттықтырушылар жетекшілік етеді. Биылғы жарысқа облыс бойынша 13-14 жас аралығындағы 20 спортшы іріктелді. Толығырақ келесі сюжетте.
Чемпионатқа қатысу үшін облыс құрамасындағы жас спортшылар өз шеберліктерін шыңдауға ерекше көңіл бөлуде. Жаттықтырушылардың айтуынша, жас боксшылар соңғы жылдары республикалық деңгейде жоғары нәтеже көрсетіп, елдің үздік спортшыларымен тең дәрежеде өнер көрсетуге дайын.
АҢСАҒАН РАЙ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Біз 6-10 қағңтар аралығында павлодар облысы чемпионатын өткіздік. Содан іріктеліп алынғңан бізде 20 спортшы. Қаңтар айының 25 нен 31 аралығында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуға дайындық үстіндеміз. Балаларды апарамыз. Бізде оқу жиындар өтіп жатыр. Тәжірибелі спортшылар келді. Бізге көмектерін беріп, қолдауларымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізде қазір жасөспірімдер болғандықтан боксқа көп көңіл бөлеміз. Арақашықықта жұмыс істеуіне.
Бұл чемпионат спортшылар үшін үлкен сынақ болмақ. Қазақстан чемпионатына жолдама алғандардың қатарында халықаралық жарыс жеңімпаздары бар.
НҰРИСЛАМ ТАШМАҒАНБЕТ, БОКСШЫ
Біз алдыңғы жыл облыс чемпионы болдық осы жылы Қазақстан чемпионатына еліміздің намысын қорғаймыз. 00:23+СКЛЕЙКА+00:30////Мен бала кезден боксқа қызығатынмын. Бапкерлерім бар Назымек ағай. Жеке бапкерім Әділ ағай бар. Жұмасына 5 рет тренировка болады сборда 2 тренировка өтеді. Кешке және таңертен. Бізде алдыңғы жылы опыт болмады. Енді осы чемпионатта ұтамыз деп ойлаймыз. Опыт бар жеңеміз деген ой бар.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты қаңтардың 25-сі мен 31-і күндері аралығында Қостанай қаласында өтеді. Оған еліміздің 20 өңірінен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында Павлодар облысының 20 боксшысы да бар.
Сабина Жолдаспаева