Хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт трек шебері Ольга ТИхонова тоғызыншы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында көк байрағымызды ұстап шығады. Сары құрлықтың басты бәсекесі ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өтеді.
Үкімет отырысында байрақты бәсекеге дайындық барысы пысықталды. Министр Мырзабосыновтың сөзінше, ұлттық команда құрамы бекітілді. 138 жерлесіміз жарыстың 10 түрі бойынша сынға түседі. Олардың жартысынан көбі Астана мен Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысының өкілдері. Премьер-министр Олжас Бектенов, Қазақстан құрамасының сәтті өнер көрсетуі үшін команда мүшелеріне барлық жағдай жасауды тапсырды. Биыл спортшылар киіміне бюджеттен қаржы бөлінбеген. Дегенмен арнайы форма халықаралық талаптарға сай келеді деді министр Ербол Мырзабосынов.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ
Харбиннің ауа райына сай тігілді. Бүгінгі күні спортшылар тарапынан басқа да спорт мамандары тарапынан жақсы қабылданды. Және бұл киім спонсорлар тарапынан тігіліп, сыйлық ретінде беріліп отыр.