Май ауданы Көктөбе ауылында екі пәтерлі үйдің кіреберісінде өрт болды. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер өртті дер кезінде сөндіріп, 27 литрлік газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға 14 қаңтар күні сағат 20:48-де екі пәтерлі үйдің кіреберісінде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Қызыл жалын кіреберістің ағаш шатыр құрылымдарына және ас үйдегі үй заттарына тарады. Жоғары температураның салдарынан созылған төбе мен пластикалық терезе еріп кетті. Жалпы өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, өрттің көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді. Сондай-ақ, мамандар жанып жатқан кіреберістен 27 литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.Өрт сағат 21:16-да оқшауланып, 21:35-те толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Сабина Жолдаспаева