Елімізде 3 наурыздан бастап есірткі қылмысына қатысты жаңа заң күшіне енбек. Ол бойынша заңның кейбір баптары жеңілдетіліп, кейбірі қатаңдатылды. Себебі неде? Толығырақ келесі сюжетте.
Павлодар облысында 2024 жылы есірткі қылмысына қатысты 50-ден астам азамат ұсталды. Олардың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 3 адам бар.
ИРИНА ТИМИРГАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Бір мысал келтірейін жас жігіт 2024 жылдың шілдесінде ұсталды. Одан 232 грамм синтетикалық есірткі табылды. Бұл үлкен көлемдегі есірткі. Менің ойынша үкімде бұл жас жігіттің жазасы жұмсартылады. Бірақ жауапкершіліктің барын ұмытпау керек.
Осы жастардың өмір сүруіне, темір тордан қылмысын ерте өтеп шығуына мүмкіндік беру үшін Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды. Ол 3 наурызда күшіне енеді.
ИРИНА ТИМИРГАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Біріншіден қылмыстық жауапкершілік жүйесін жетілдіру арқылы есірткі өндірісін, оны таратуды ұйымдастыруды және есірткі қылмысына қатысушыларды жауапкершілікке тартуды күшейтеді. Есірткіні өндіріп, өңдеп немесе дайындағандар қамауға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге алынып немесе мүлкі тәркілене отырып, өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ал есірткіні жасырып, алғаш рет қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан 8 жылға дейінгі аралыққа төмендетілді (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін еді). Себебі қылмыстық іс-әрекетті жасаушылар мен есірткі жасырушылардың көбі —жастар. Мемлекет осы жастардың темір тордан ерте шығып, түзу жолға түсуіне мүмкіндік беру үшін жасап отыр.
Қайта қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін, ал оқу орындарында және қылмыстық топ құрамында есірткі таратушылар үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар есірткі таратқан лауазымды тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, оларды бас бостандығынан 15 жылдан 20 жылға дейін айыру қарастырылған. Бұрын 10-15 жыл аралығы болған.
ИРИНА ТИМИРГАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Есірткі өнімдерін шығару бойынша бұл жерде нақты айта алмаймыз. Былтыр ұсталған 50 адамның ішінде өңіраралық курьерлар бар, олар бір облыстан екінші облысқа есірткі тасып отырған. Үй жағдайында құрылғы қойып, синтетикалық есірткі жасағандар да бар. Былтыр бір есірткі-зертханасы анықталды. Онда есрткі құрамдас өсімдікті өсірген.
Павлодар облысында өткен жылы заңсыз айналымнан 465 келі түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 16 келіден астамы есірткінің жаңа синтетикалық түрі. Одан бөлек, былтыр есірткіге мас күйінде көп адам ұсталды. Оларға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айта кетейік, Ресей Федерациясында құрамында есірткі заттары бар адыраспан өсімдігін тасымалдағанға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырған. Сондықтан көршілес мемлекетке барар алдында осы заңның барын білген жөн.
Самал Қалиқызы