Облыстағы жеке пансионаттардың бірінде мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып соғып отырған. Жағдайды қалалық прокурорлармен, полиция қызметкерлері анықтады. Бұдан басқа да сұмдық жағдайлар болған. Тілшіміз айтсын.

Қарттарымыз – қазынамыз, деуші едік. Бірақ осы қазынамызды қадірлемейтіндер көбейді. Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

ЕРЛАН ТЮЛЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Павлодар қаласының прокуратурасы полиция департаментімен мүгедектігі бар азаматтарды ұрып соққан жеке пансионатты анықтады. Пансионат қызметкерлері 20 қартты құқықтарын өрескел бұзған, тамақтануды шектеді, ұрып соқты. Және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың жалға беріп келген. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Самал Қалиқызы