«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл Орман-Жас Ұрпақ» атты ауқымды жоба қолға алынды. Акцияға Аққулы ауданы мен Шарбақты ауданының оқушылары үлес қосты. Толығырақ тілшіміз әңгімелесін!

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ

Мына отырғызылған өсіп жетіліп кейін ересек қарағай атанған кезде 200 бүр береді екен. Ал, әр бүрден 150 тұқым алынады. Бүгін Павлодар қаласының манында орналасқан елдімекен оқушылары дәл осындай 200 тұқым отырғызды.

Қарағай дәнін егу әдісін «Ертіс орманы» табиғи резерватының мамандары көрсетті. Бастапқыда оқушылар осы стақандарға тұқым септі. Тамыр алғаннан кейін ағаш жерге егіледі.

ӘСЕМ ОСПАНОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Қош келдіңіздер. Бізде бүгін облыстық семинар өтіп жатыр. Ертіс орманы резерватына да қош келдіңіздер деп айтқым келеді. Бүгін Потанин мектебінде өткіземіз деп жоспарлап. Осындай керемет семинарды ұйымдастырып

Отырғызылған тұқым бір жылда өсіп шығады. Қарағайдың өсуі үшін күн сәулесі қажет. Оған артық су құймаған жөн.

МҰРАТ ТӘШІМОВ, ОРМАНШЫ

Бір жылдан кейін бұл дайын болады. Тамырымен өзінің құмымен. Салатын жерге салынады.

Осылайша, «Ертіс Орманы» табиғи резерваты қызметкерлері жыл бойы орманды көркейтуге күш салып қоршаған ортаны сақтауға және жасыл желекті көбейтуге үлес қосып келеді. Жастарды игі істі қолдауға шақырады.

КЕРІМБАЙ ЕГІНБАЙҰЛЫ, ТҰҚЫМБАҚТЫҢ ШЕБЕРІ

Барлық жастарға қандай кеңес жастар орман шаруашылығына келу керек істеу керек. Біздің табиғатымыз өсе берсің. Көгере берсін. Ауа райымыз таза болсын осыны үйреніп істесін

Айта кетейік, «Жасыл Орман-Жас Ұрпақ» ауқымды жобасы Аққулы ауданынан басталса, жалғасы Щарбақты ауданында өтпек.

Байтұрсын Жұмабай