Павлодарлық фудблогер «Битва шефов» сайысында жеңіске жетті. Бағдарлама барысында жерлесіміз 3 ас әзірлеп, қазылар алқасынан жоғары баға алды. Толығырақ келесі сюжетте.

Вероника Мамедова Павлодар қаласының тұрғыны. Қаржы саласын меңгеріп, 5 жыл бойы банктердің бірінде жұмыс жасаған. Бірақ декреттік демалысы әлеуметтік желіде фублогерлікке әкелді. Осы арқылы табыс таба бастады.

ВЕРОНИКА МАМЕДОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Менің өзімнің блогымда қажетті лайфхактарды, кеңестерді, отбасылық өмірді көрсетемін. Яғни қыз келіншектер көре алатын отбасылық контент түсіремін. Ас әзірлеуге деген махабат декрет уақытында, үйде отырғанда басталды. Жалпы тамақ пісіруді әжем үйретті, себебі сол кісінің қолында өстім.

4 жыл ішінде Вероника Мамедова әлеуметтік желідегі парақшасына 300-ден астам тағамның мәзірін жарияланған. Оның әзірбайжандық палауы «Битва шефов» сайысында сынға түсті.

ВЕРОНИКА МАМЕДОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Маған бұл бағдарламаның ұйымдастырушылары өздері жазды, ұсыныс айтты. Яғни мен қашықтықтан 4 әзірбайжандық тамақтың түрін жібердім. Күйеуімнің ұлты әзірбайжан болғандықтан, осы тағамдарды жиі әзірлеймін. Сосын Мәскеуге шақыртты. Сайыста әзірбайжандық палауды жасап беруімді сұрады. Негізгі талап әділ-қазы алқаларының көңілінен шығатын ас әзірлеуім керек еді. Оларға ұнады. Жасадым, 14 адамның арасынан үздіктер қатарына өттім.

Сайыста жерлесіміз 3 ас әзірлеп, қазылар алқасының көзіне түсті. Осылайша бірнеше кезеңнен сүрінбей өткен Вероника Мамедова жеңіс тұғырынан көрінді.

Самал Қалиқызы