Ақтоғай аудандық ауруханасына былтыр 8 жас маман жұмысқа орналасқан. Қазір халыққа қызмет етіп, жанға шипа іздеу жолында тынбай еңбектенуде. Бұдан бөлек, ауданнның медицина саласында тағы да бірқатар ілкімді істер атқарылыпты. Тілшіміз толықтырсын.
Назерке Омарова Ақтоғай аудандық ауруханасына өткен жылдың тамыз айында жұмысқа келген. Содан бері жемісті еңбек етіп келеді. Бұған дейін Қостанай облысында жұмыс істеген. Осы ауданда жасалған мүмкіндікті көрген соң қоныс аударуға бел буыпты.
НАЗЕРКЕ ОМАРОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕДИАТОР ДӘРІГЕРІ
Қазіргі таңда осы жақта бес айдан артық жұмыс істеп келемін. Күнделікті поликлинкада прием жүргізіп отыррмын қазір. Нөлден бастап 15 жасқа дейінгі балаларды қараймыз. Ауданның барлық баласына жауаптымыз. Ауыл-аймақта педиаторларға сұрақ болса осында келеді
Былтыр келіп, Ақтоғай ауданының халқына жемісті еңбек етіп жатқан жандарлың бірі Айтқожа Әлімқұлов. Ол да Қостанай облысынан қоныс аударған. Ақтоғайға келіп, «Дипломен ауылға» бағдарламасының жемісін жеген жас мамандардың бірі. Аудандық ауруханадағы белді оташы маман.
АЙТҚОЖА ӘЛІМҚҰЛОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ ДӘРІГЕРІ
Жалпы енді қызметімізге келетін болсақ, күнделікті жұмысымыз таңертең приемнан басталады. Науқастың жағдайы мен шағымына қарай көмек көрсету. Басты мақсатымыз сапалы көмек көрсету халыққа. Күніне енді шамамен он бес-жиырма адамдай қабылдау жүргізіледі. Кейде шұғыл операция жасалып жатады. Жаңағы сізге көрсеткен науқас суббота күні операция жасалды. Жағдайы жақсы. 7 күн емін алған соң шығарылады үйіне.
Жалпы, 2024 жыл Ақтоғай аудандық медицинасы үшін табысты жыл болды. Шұға мен Шілікті ауылына медициналық пункт салынды. Қараоба ауылында күрделі жөндеуден өтті. Ауданға келіп жатқан жас мамандар қатары көбеюде.
Әрине, мамандар тапшылығы толық шешілген жоқ. Мәселен, Жалаулы ауылында жалпы тәжірибелік дәрігер, аудандық ауруханаға акушер-гинеколог маман қажет. Аудандық аурухана әр түрлі жәрмеңкелерге қатысып, бұл мәселені биыл түбегейлі шешуді көздеп отыр.
Жанасыл Серікбол