Өңірімізге су ресурстары және ирригация министрі жұмыс сапарымен келді. Сала министрі облыс тұрғындарымен кездесіп, халықты мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов облысымыздағы су саласының дамуы мен туындаған мәселелері аясын талқылады. Су кодексін 2003 жылғы қабылданған нұсқасында судан неғұрлым көп пайда алу мақсаты көзделсе, қазіргі Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн суды тиімді пайдаланып, экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуді көздейді.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Екінші бағыт ирригация жүйелері көп жылдан бері қайта жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Сондықтан біздің алдымыздағы үлкен мақсат ирригация жүйелерін қалпына келтіру. Осы жылы үлкен жоблара іске асады. Биылғы жылы 1 мамырда аяқтаймыз деп отырмыз. Осы жұмыстар арқасныда 18мың га жерді біз суаруға мүмкіншілік жасаймыз.
Кезедсу барысында негізгі бағыттардың бірі трансшекаралық өзендер бойынша су саясатын дамыту оған қоса келісімсөздер жүргізудің маңыздылығы да аталып өтті.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Қазақстандағы жылдық қалыптасатын судың жылдық көлемі 100 % болса, 45 % біз шет мемлекеттерден аламыз. Мысалы Ертіс өзенін алатын болсақ 30% өзі Қытай Республикасынан келеді. Оңтүстік Қазақстанда Түркістан, Қызылорда облыстарында 90% дейін біз Сырдариядан аламыз. Жамбыл облысы Қырғызстаннан, Батыс Қазақстан 80% ға дейін Жайық өзенінен суды аламыз.
Министрге қойылған сұрақтар қатарында, Светлана Могилюк жаңа кәсіпорындардың ішінде пайда әкелу тиімділігі ескерілмей суды пайдалануға рұқсат берілген шешімдердің тиімділігіне қайта қарау мәселесіне тоқталды. Су ресурстары өз тауарлары мен қызметтерінің қосымша құнын екі еселеп қайтара алатын кәсіпорындарынға бөлінуі керек деген ұсыныс айтылды.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Алдымен біз су ресурстарын бақылап, қорғайтын жеке комитет құрдық. Қаладағы барлық бассейндік инспекциялар осы комитетке қарайды. Бұл бір. Екіншіден, суды қолдану рұқсатын алған кәсіпорын немесе кәсіпкер, нормаға сәйкес белгілі ережелерді қадағалауға міндетті. бұл сұрақтармен бассейн инспекциясы айналысып, қадағалаулары керек. Су кодексі қабылданғаннан бастап біз суды қайта пайдалану мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлдік. Әрбір жаңа кәсіпорын немесе кәсіпкер 2 жыл көлемінде суды қайта немесе қайта пайдалануға көшу бойынша жаңа іс-шаралар жоспарын қабылдауға міндетті.
Кезекті сұрақ бау-бақша ұстаушылар тарапынан болды. Жазғы уақытта бақша ұстайтындар су құбырларының тозу мәселесіне тап болды. 80 шақырым желіні ауыстыруға шамамен миллиард теңгеден астам қаражат кетуі мүмкін. Бұл соманы жалғыз бағбандар көтере алмайды, сол себепті шенеуніктердің көмегіне жүгінуде. Сонымен қатар, қала тұрғындары Павлодар су арнасының қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуіне де наразы.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Бұл қойылған сұрақты екі бөлікке бөліп шешімін қарастыра аламыз. Біріншіден жеке бау-бақшаларға берілмек су көлемдерінің пайдалану жайлы , тарифті қою жайлы ақпаратты анықтау қажет . Әрине бұл сұрақ алдағы уақыттарда министрлікте міндетті түрде қайта қаралатын болады. Екіншіден, әрине жауапты орындарға байланысты болсада, негізгі мәселелердің бірі су құбырларының жөндеу жұмыстарына көбірек көңіл бөлу қажеттілігі қарастырылатын болады.
Тұрғындарды мазалаған су ресурстары бойынша сұрақтардың барлығына жауап беріліп, қазірден бастап ұсынылған мәселелердің шешімі қарастырылуда.
САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА