Тақырыпты жалғасытрайық. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов павлодарлықтарды толғандырған бейнежазбаға түсініктеме берді. Онда Семейде кәріз құбыры бұзылып, Ертіске лас суып ағып жатыр делінген.
Әлеуметтік желілерде бұның бәріне себепкер Ертіс түбіндегі кәріз желілерінде болған апат болуы мүмкін деген болжам жасалды. Министрдің айтуынша, Ертіс бассейндік инспекциясы мұның шынымен болғанын немесе болмағанын тексерді. Нәтижесінде бейнеде көрсетілген фактілер расталмады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Жергілікті атқарушы органдары қазіргі уақытта ескірген су құбырларын жаңарту мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Осыған байланысты басты назарда бола тұра, мұндай мәселе туындауы мүмкін емес. Біз қазір бұл бейнетаспаны кім және қалай жазылғанын анықтау үстіндеміз. Ертістен ауыз суын алатынымыз рас, бірақ бұл су алдымен тазарту процесінен өтеді, одаң соң тексерістер жүргізіледі. Сондықтан бұл жерде де еш күмән жоқ.
САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК САПАРОВ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА