Жылыту маусымы да жақындап қалды. Қазір оған дайындық – өзекті мәселелердің бірі. Екібастұз қаласы жылыту маусымына әзір ме? Келесі сюжеттен көрейік!
2022 жылдың қараша айында екібастұздықтар 30 градус аязда жылу электр орталығындағы апатқа байланысты жылусыз қалған. Бұл мәселені реттеу үшін қанша күш пен құрал жұмылдырылды. Өткен қыста кей үйде жылу мардымсыз болды. Жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жаңартуға үкімет резервтен үш жарым миллиард теңгеге жуық қаражат бөлген.
ЕРЖАН САЛХАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Гидравликалық сынақтар жүргізіліп, 203 зақым анықталды. Бүгінде олардың барлығы жойылды. ұзындығы 11 шақырымға жуық жылу желілері ауыстырылды. сонымен қатар, үкімет резервінен ұзындығы 3,8 км-ге созылатын бірінші және үшінші жылу магистральдерін жаңартуға қаражат бөлінді.
Жалпы Павлодар бойынша жылу желілері 86 пайызға тозған. Оларды жаңартуға бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Аймақ тұрғындары, әсіресе, екібстұздықтар бұл қыста пәтерлері жылы болады деп үміттеніп отыр.
ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ВАЛЕНТИНА ЛЕОНОВА, ЕА