Балалар ойын алаңында бүлдіршіндер әр түрлі жарақат алып жатады. Оның кейбірі ауыр ахуалға жеткуі мүмкін. Сондай оқиғалардың бірі Ақсу қаласында болды.
Үш жасар Айсұлтан әткеншекте ойнап жүрген кезінде құрсақ тұсынан жарақат алған. Бірақ, дәл сол мезетте ештеңе білінбепті. Алайда, бір апта өткен соң баланың жағдайы ауырлап, аиа-анасы медициналық көмекке жүгінген.
Құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеуден кейін қанның көп мөлшерде ұюы анықталды. Сондай-ақ, өзге де ішкі ағзалары, бауыр мен өкпе де ауыр жарақат алған. Отаны Ақсу қалалық ауруханасыда Павлодар облыстық ауруханасының дәрігекрлері жасады.
АЯН ҚАДЫЛХАН, РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕР-ОРДИНАТОРЫ
Бала көп қан жоғалтып есінен танып қалған. Ақсу қалалық ауруханасына жеткен кезде жағдайы ауыр болды. Ота 2-3 сағатқа созылды. Біз одан кейін де баланың қасында болып, қалыпқа келе бастаған соң облыстың аурухананың қарқынды терапия бөліміне ауыстырдық.
Көп қан кету, бауырдың үзіліп кетуі сияқты ауыр жарақат салдарынан келес баланың миында да ісіктер пайда болған. Десе де, дәрігерлер бәрін еңсеріп, бүлдіршіннің жағдайын қалыпқа келтірді. Бала стационарда 37 күн жатқан. Оның 7 күнінде қарқынды терапия қабылдаған. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Бұл жағдай жарақат қандай елеусіз болып көрінсе де, медициналық көмекке жүгіну қажеттігін көрсетеді. Уақытыл ем-дом мен сауатты медициналық шешімдер қауіптің алдын-алады.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ВАЛЕНТИНА ЛЕОНОВА ЕА.