Достық үйінде «Қазақша ән саламыз» атты фестиваль ұйымдастырылды. Онда өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде ән шырқап, сайысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

 «Қазақша ән саламыз» фестивалі барлық этномәдени бірлестіктердің басын қосты. Жалпы саны 60-тан астам қатысушы болды. Фестивальдің аты айтып тұрғанда, өзге ұлт өкілдері тек қазақша әндерді шырқады. Мұнда «Асыл әуен», «Шалқыма», «Сырлы саз», «Дудар-ай» топтары қатысты. Фестиваль «халық әндері», «қазақ композиторларының әндері», «заманауи әндер» деген 3 кезеңнен тұрды.

НҰРИЯ КУБЕНОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ

Біздің тілімізді ән арқылы жастарға үйрету, этномәдени бірлестіктер қазақша ән щырқай береді. Міне, алда келе жатқан Конституция күніне арналған концертте тек қазақша, патриоттық әндер орындалады. Бұл жоба алғаш рет өтіп жатыр бізде. Бірақ, Республика күнінде басқа форматта өткіземіз деп жоспарлап жатырмыз

Сондай-ақ, әр кезең арасында халық әндері шырқалды. Ал, қатысушылар жеребе таңдап өздеріңе берілген әндерді орындады. Олардың қатарында «Ана», «Ұстазым», «Саржайлау, «Армандастар», «Бір бала» туындалары бар.

РАМИЛЬ СМАИЛОВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ

Бұл жобаға тек жастар ғана емес, ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі де қатысуда. Былайша айтқанда, жоба түрлі жас аралығындағы жандардың басын қосып отыр. Өз кезегінде бұл қазақ тілінің мәртебесін танытып ғана қоймай, ана тілімізге деген махаббаты арттыра

түседі

Достық үйі ұйымдастырған бұл жоба алғаш рет өтті. Қатысушылар да көрермендерді тәнті етіп, қазақ тілінде ән шырқауда аянып қалмады. Фестиваль өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізге деген ыстық ықыласын, махаббатын танытты.

Қымбат Садық