Аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Павлодар облысының екі ауданында әкімдердің сайлауы өтеді. 2024 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінде және Май ауданы Саты ауылдық округінде сайлау болады.

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының ақпаратынша, Мүткенов ауылдық округінің әкімі болуға 5 кандидат тіркелген. Олардың барлығы өздерін ұсынған. Ал Май ауданының Саты ауылдық округінде 4 үміткер әкім болуға ниет білдірді. Бұл жерде де барлығы өздері ұсылынған. Айта кетейік биыл аталған аудандарда әкімдер сайлауы өтті. 7 сәуірде Май ауданы Малайсары ауылдық аймағында және 28 шілдеде Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінде әкімдер сайланды.

Самал Қалиқызы