Мемлекет басшысының тапсырмасымен сот жүйесінде бірқатар реформа жасалды. Сондай-ақ сот үдерістерін оңтайландыру және дау-дамайларды шешу барысында бітімгершілік тетіктерін енгізу мәселесі де назарға алынды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Сот жүйесін жетілдіру- жаңару жолына түскен жаңа кезең. Бұл жүйені жаңарту аса маңызды. Себебі, сот жүйесіне деген сенім, мемлекетке деген сенімді артырады.

ӘСЕЛ ТАСБОЛАТОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

Қазақстанның сот жүйесі еліміздің жағдайымен өзгеріп келе жатыр. Елімізде сот жүйесінде көптеген реформалар қабылданып жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бері осы жүйеде көптеген өзгерістер болды. Соны ішінде атап кететін болсақ көптеген институттар ашылды. Мысалы, медиациялық тәртіппен қарау, парасипативті тәртіппен қарау, сот бұйрығымен қарау қолға алынып, қаралуда. Жалпы сотта негізі даулы істер қаралады. Ал егерде даусыз істер болған кезде сот бұйрығымен қарауға мүмкіндік бар.

Мұның бәрі биліктің – сот жүйесін жаңартуға жасаған қадамдары. Мақсат – соттың тиімділігін, ашықтығын және тәуелсіздігін арттыру. Сонымен қатар сот жүйесін дамытуға қатысты судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту мәселелері. Оның қатарында биыл жазасы қатаңдаған тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты заңда бар.

ӘСЕЛ ТАСБОЛАТОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

Сонымен қатар осы соңғы уақытта тағы да бір өзгерістер осы тұрмыстық зомбылыққа қатысты. Егерде бұрын әкімшілік құқық бұзушылық болып танылатын болса қазіргі таңда бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұрын ерлі-зайыптлар арасындағы келіспеушілік, немесе дау болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықпен шектелетін болса, ал енді бұлд қазіргі уақытта қылмыстық іс болып табылады. Сондықтан да бұл жерде тек қана осы ерлі зацыптылар арасындағы келісім ғана емес жалпы тұлғаларға да қатысты. Себебі, бұрын қылмыстық істе жеңіл орташа ауыр істермен қаралатын болса, жеңіл келтірілген жағдайда да бұл қылмыстық іс болып танылады.

Мемлекеттің дамуымен қатар сот жүйесіне қойылатын жаңа талаптар да өседі. Сот жүйесіне деген сенім, мемлекетке деген сенімді артырады.

Әйгерім Тоқпанқызы