Павлодар облысында құмар ойынға салынған 14 адам бұл дерттен емделіп жатыр. Олар өз еркімен жаман әдеттен арылуға бел буған. Десе де, құмар ойынның құмарынан шыға алмай жүргендер көп. Олармен қалай күресу керек? Тілшіміз біліп келді.

Қазір қоғамда құмар ойынға құмартқандар көбейген. Бұл аурудың бір түрі деп те айтуға болады. Өйткені, құмар ойынға құмартқандар жан жағында не болып жатқанында байқамайды. Тіпті, басындағы баспанасына да бәс тігуге дайын.

Құмар ойынға деген құмарлық бұл аурудың бір түрі. Бұны бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымымы ауру ретінде таныған. Оны тек психологтің көмегімен ғана емдеуге болады. Бізде бұндай ауруды емдейтін арнайы орындар жоқ. Тек адам бұндай ауруға шалдыққанын сезінгенде ғана өзін емдеуге болады.

Павлодар облысында 14 адам құмар ойыннан бас тартып, емделуге келіскен. Бірақ, ойынға құмартқандар арасында өз еркімен емдеуге келісетіндер сирек. Қазір олар психологтің көмегіне жүгінген.

Біз қазір құмар ойынды бизнеске айналдырғандармен күресті күшейттік. Өйткені, ақша тігу арқылы бәс тігу заңсыз. Қазір басқа да құнды дүниелер арқылы лотерия ойнатындар көбейген. Бұлардан сақ болған дұрыс. Көпшілігі билет ойнатып, ақшасын жинап алғасын қашып кетіп жатқан жағдайлар кездеседі.

Шілде айынан бастап құмар ойынға құмартқан мемлекеттік қызметшілер мен басқа да мемлекеттік органдар да қызмет еткендер жұмыстан қуылады. Ал құмар ойын туралы жарнама жасағандар да әкімшілік жауапгершілікке тартылады.