Диджитал Қазақстан – жаңа замандағы білім беру. Еліміз бойынша өтіп жатқан тамыз кеңесінің биылғы тақырыбы осындай. Ақсу қаласының педагогтары үшін де тамыз конференциясы ұйымдастырылды. Алдағы оқу жылының мақсат міндеттері айқындады.

Тамыз кеңесі білім саласындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да таразылайтын дәстүрлі жиын. Жылда осы кеңеске білім мен ғылымда әлі де дамытуды қажет ететін бағыт, тақырып таңдалады. Биыл Диджитал Қазақстан - жаңа замандағы білім беру бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды. Ақсулық педагогтер де бұл үрдісті қолдайды.

МАРАТ ЗЕНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Оқу жылы қарсаңында тамыз конференциясында кездесіп болашаққа бағдар береміз. Президент Үлкен міндеттер жүктеді. Тәуелсіз мектелекетіміздің басты құныдылығы білімді адам.

Ақсу шаһарында өткен тамыз кеңесіне 100-ден астам мұғалім қатысты. Олар заман талабынан қалмай, сапалы білім, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін үздік оқыту жүйесін тәжірибе етіп алуға дайын екендерін айтты.

ГҮЛБАРАМ НАУРЫЗБАЕВА, САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Әрине биылғы оқу жылы ерекше жағдайда өтетінініне көзіміз жетіп отыр. Республикалық саммитте керемет алған қойған мақасттарды айқындап келдік. Ұстаздың орны ерекше мектепте, мектептің жүрегі ұстаз деп.

Ақсуда 2024-2025 оқу жылында 25 мектеп жұмыс істейді. Онда 11 мыңнан астам оқушы білім алады. Бірінші сыныпқа биыл 1106 бала барады. Осы оқушыларға озық үлгіден қалмай, жасанды интеллекті қолдана отырып сапалы білім беру маңызды, дейді кеңеске қатысқандар. Сондай-ақ, тамыз конференциясында жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен білім ошақтары алғысхатқа ие болды.

ГҮЛНАР ТОҒАЙБЕКОВА, Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ БАСШЫСЫ

Биыл міне тамыз кеңесінде мектебіміз жақсы нәтиже көрсетіп дарынды балалар номинасында орын алдық Былтыр біздің балалар алды. Оның ішінде екі гран при.

Сонымен қатар, 35 педагог түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Олардың қатарында 39 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Ләззат Сейілханова да бар. Ол «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгіге ие болды.

ЛӘЗЗАТ СЕЙІЛХАНОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Осы 39 жыл ішінде ғылыми жобаларда оқушылар орны алып отыр. ӨЗім де қалған жоқпын. Номинацияға ие болдым, алғыс хат та алдым. Мәскеуде «Лучший в образований деген» төсбелгі алдым. Өте қуаныштымын. Еңбегім еленді деп ойлаймын. 40 жыл жұмыс істеп жайдан жай отырмай. Балаларды алға шығарып, алда көрсетіп жұмыстарымды.

Ал, Ақсу қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің география пәнінің мұғалімі Рина Худас ҚР Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатын алды.

РИНА ХУДАС, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Оқу ағарту минстрінің алғыс хатын жатқаныма өте қуаныштымын. Бұл жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын. Әлде де жұмыстар жасаймын. Оқушыларды дайындап қана қоймай, авторлық жұмыстарды да жаздым.

Ақсу қаласындағы тамыз кеңесі концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Самал Қалиқызы