Ресейдің Мәскеу қаласындағы жетекші неонотологтар облыстық перинаталдық орталықта өз тәжірибелерімен бөлісті. Оған өңіріміздің қала, аудандарындағы дәрігерлер келіп, білікті мамандардан дәріс алды. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Мәскеу қаласындағы перинаталдық орталық әлемде үздіктер қатарына енген. Өңірге келген ресейлік дәрігерлер жоғары санатты неанотологтар.Сондықтан, олар беретін тәжірибе аса маңызды. Шеберлік сағаты неанотологиядағы реанимация және қарқынды терапия негіздеріне арналды. Онда жаңа туған нәрестелердегі өкпенің әртүрлі аурулары, тыныс алу жүйесінің қызметі туралы бөлісті. Дәрігерлер облыстық перинаталдық орталықтағы аппараттардың сапасы жоғары екендігін айтты.

 АННА КАРПОВА, ТӘЛІМГЕР-МЕНТОР (МӘСКЕУ ҚАЛАСЫ)

һБұл жерге келгендегі біздің басты миссиямыз – ауыр жағдайда немесе түрлі дертпен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету әдістерімен бөлісу. Қазіргі таңда дүниеге енді келген сәбилер өздігімен демала алмайтын жағдайлар көп кездеседі. Үш күн бойы емдік шаралар туралы айтып ғана қоймай, неанатолог дәрігерлермен пратика өткіземіз. Мәселен, орталықтағы аппараттар сапасы өте жоғары екендігі айта кеткім келеді. Бұл өте қуантады, бала өмірін сақтап қалуда септігін тигізеді . Түрлі тәжірибелермен неанатология саласының әдіс-тәсілдерін жеткіземіз һ

 Периналдық орталықта салмағы 500 грамм болып қыз бала дүниеге келген, дәрігерлердің тыңғылықты жұмысының арқасында қазір сәбиы 3 киліге жетті. Сондай-ақ перинаталды орталықтың жансақтау бөлімінде арнайы аппараттарда шала туған сәбилер жатыр. Оларды Ресейден келген дәрігерлер тексереді. Жергілікті мамандарға консультация жүргізеді.

ГҮЛНАР БҰРАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қарқынды терапия бөлімшесінде 17 бала болса, оның ішінде 15 бала шала туған нәрестелер. Жағдайлары ауыр, себебі туғанда балалардың салмағы 1, 5 кг-нан аз. Сондықтан ол балаларға респиратурлық көмек керек, осындай мастер-класс, оқу өте қажет бізге

Жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалу, оны аурудан айықтыру көп жағдайда ақ халаттылардың біліктілігіне тәуелді болады. Шеберлік сағатының тыңдаушылары неанатологиядағы тыныс алуды қолдау жағдайында симуляциялық жабдықта мануальды дағдыларды игерудің жолдарын үйренеді.

Үш күндік оқу циклі денсаулық сақтау саласындағы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылатын нәресте өлімін азайтуға бағытталған. Бұған дейін ресейлік неонатологтар өз елінің басқа аймақтарында медицина қызметкерлерін оқытып, елеулі нәтижелерге қол жеткізген.

Қымбат Садық