5 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдері күні. Жыл сайын Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Тілдер айлығы» шарасын ұйымдастырады. Бүгін айлықтың шымылдығын “Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету” атты облыстық байқау ашты. Шара қандай кезеңдерден құрылған? Келесі сюжеттен көрейік.

Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткен шараның мақсаты мемлекеттік тілдің колданылу аясын кеңейтіп, халыққа қызмет көрсету салаларындап еңбек ететін қызметшілерді ынталандыру. Облыстық кезеңе 5 команда бақ сынады.

САЯУЫШ СӘДУАҚАС, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету облыстық сайысы дәстүрлі негізінде ұйымдастырылып келеді. Бұл алдымызда келе жатқан Тілдер айлығының бастамасы болмақ. Ал бүгінгі шараға келетін болсақ, барлығы 5 команда қатысып отыр. Бұл бүгінгі күні халыққа қызмет көрсететін күнделікті жағдайда халықпен тікелей байланыста болатын ұйымдарының, мекемелерінің командаларынан құралған топтар қатысып отыр сайысқа.

Жарыстың талабымен тек 5 адамнан құралған 5 команда болуы шарт. Сонымен қатар қатысушылардың арасында өзге ұлт өкілдері де бақтарын сынады.

САЯУЫШ СӘДУАҚАС, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дом печати ұйымынан келген команданың құрамында өзге ұлт өкілдері бар және халыққа қызмет көрсету орталығынан келген Жалын құрамының тобында да өзге үлт өкілдері бар. Оның ішінде өзбек халқының өкілдері және словян тектес халықтарының өкілдері бар.

Барлық топтар тыңғылықты дайындалған. Барлық тапсырмаларды сүрінбей орындады.

ДОСБЕК БАЙРОН, «ЖАЛЫН» ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Біздің топтың мақсаты былтырғы жылғы жеңісімізді қайталап, тағы да тұғырдың биігінен көрінгіміз келеді. Аптаның бір күні әрдайым мемлекеттік қызмет түрлері қазақ ұлттық киімінде көрсетеміз одан да басқа Республика күнінде,Тәуелсіздік күнінде және ұлттық мейрамдарда киімдерімізді нақыштап киіп халыққа көрсетеін жаймыз бар.

Айта кетейік, байқау 3 кезеңнен тұрады. Олар конкурс барысында түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде өздерінің әртістік, тапқырлык қабілеттерін, сонымен катар кәсіби терминдерді мемлекеттік тілге аударып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

САЯУЫШ СӘДУАҚАС, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Байқау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең командалар өздерін танстырады, бұл жерде заманауи технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі негізде де мүмкіндік берілген. Өздерінің еріктері бойынша таныстырады. Екінші кезең -ситуациялық кезең қандай да бір оқыс оқиғалар беріледі. Сол бір оқиғалардан шығудың жолын көрсететін болады. Үшінші кезең-аударма. Бұл жерде нақты бір сала емес көбінесе іс-қағаздарын жүргізуге қатысты терминдер беріледі. Сол терминдерді орысшадан қазақшаға аударып мәтін құрастырып ортаға салатын болады.

 «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» конкурсының барлық женімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Сабина Жолдаспаева