Қазақстанда атом электрстанциясы құрылысы көптеген салалардың дамуына серпін береді. Бұған қоса, алдағы 100 жылда еліміздегі электр қуатының тапшылығын шешеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы энергетика саласының маманы арна тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Қазір Қазақстанда шамамен 15 ГигаВатт электр энергиясы өндіріледі. Бірақ бес жылдан кейін бұл көрсеткіш жеткіліксіз болады. 2035 жылы біздің елге шамамен 25 ГигаВатт қажет болады. Бұл тапшылықты жою үшін жаңа энергия көздері қажет.

ОЛЖАС ТАЛИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР

Жаңа Жылу электр орталығы, атом электр станциялары немесе баламалы энергия көздері керек. Атом электростанция экологиялық таза энергия көздерінің бірі болып табылады. Алматыда шағын зерттеу реакторлары жұмыс істейді. Онда Қазақстанда атом электр станциясын салатын су ядролық реакторы бар.

Энергетика факультетінің деканы Олжас Талиповтың айтуынша, Қазақстанда күн және жел энергиясы шамамен 6% құрайды. Қуат көзінің бұл түрі дамып келеді. Бірақ жеткіліксіз.

ОЛЖАС ТАЛИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР

Электро қуаты жетіспейді. Атом электр станциясын салу керек. Сондай-ақ қатарынан ЖЭО ғы құрылысын жүргізу керек. Бізде Үлбі зауытында атом энергетикасын пайдаланатын елдерге сатылатын дайын уран таблеткалары бар. Яғни бізде АЭС салу үшін дайын отын жеткілікті деген сөз.

 Тұтынушылардың қуат көзі артқан уақытта электр энергиясының тапшылығы болады. Қазір оны мемлекетіміз көрші елдердің импортымен толтыруға мәжбүр. Бұл ұлттық қауіпсіздік және экономика тұрғысынан тиімді емес.

ОЛЖАС ТАЛИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР

Еліміздің Оңтүстігінде электр энергиясы тапшы. Сондықтан біз оны көрші елдерден сатып аламыз. Электр желілері арқылы энергияны оңтүстікке тасымалдау бойынша КЕГОК компаниясының жобалары бар. Павлодар облысы электр энергиясының 40% өндіреді. Бірақ бұл, мәселені шешпейді. Жаңа қуат қажет. Ал оңтүстікте атом электр станциясын салу дұрыс шешім болады.

Айта кетейік, атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.

Әйгерім Тоқпанқызы