Облыс орталығында жылыту маусымы 9 қыркүйекте басталады. Бастапқыда әлеуметтік нысандарға берілмек. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Павлодарда ауа райының күрт салқындауына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталады. Соның ішінде, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша да дайындықтар жалғасып жатыр.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Биыл қала әкімі жылыту маусымын 9 қыркүйектен бастау туралы Қаулыға қол қойды. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар-балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер қосылады, ал тұрғын үйлерге жылу 16 қыркүйекте қосылмақ