Мемлекеттік кірістер департаменті 15 қыркүйекке дейін кешіктірмей, декларация тапсыруға шақырады. Айта кетсек, Павлодар облысында жыл басынан жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңінен 140 мың адам өтті.

Мемлекеттік кірістер департаментінде павлодарлықтарды декларация тапсыруға шақырады. Облыста 250 және 270 формадағы декларацияны жалпы 180 мыңға жуық адам тапсыруы тиіс. Бүгінгі таңда 40 мыңы әлі тиісті құжатты толтырмаған.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

2024 жылы Декларацияны Павлодар облысында 180 мың жеке тұлға тапсырған, 140 мыңға жуығы тапсырды. 250 нысанды 42 мыңға жуық, 270 нысанды 97 мыңға жуық адам тапсырды. Декларацияны тапсырады.

Айта кетейік, елімізде жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Ол бизнес өкілдерін қамтиды. Осы кезеңнің айырмашылығы декларация тапсыратын азаматтар тек шетелде орналасқан жылжитын, жылжымайтын мүлкін, көлік, активтер мен құнды қағаздар, авторлық құқықтарды қана көрсетеді. Қазір декларацияны мобильді қосымшалар арқылы да ұсынуға болады. Биыл 15 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, декларация тапсыру 16 қыркүйекке ұзартылды. Ол күннен асып кеткен жағдайда тиісті жауапкершілік қолданылады.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Декларацияны уақытында тапсырмаған жағдайда әкімшілік құқықұзушылық туралы кодекспен ескерту түрінде жаза қолданылады. Ал ескерту шығарлығаннан кейін 15 АЕК көлемінде 55 мың теңгеден астам соммаға айыппұл салынады. Толық, анық емес ақпараттар үшінде жауапкершілік көздейді. 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Биыл 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшыларымен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын декларациялау жүріп жатыр. Ал, 2025 жылы азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Самал Қалиқызы