Павлодарда жыл басынан бері 160 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен. Олардың жартысы қазір дағдарыс орталығында көмек алып отыр. Жалпы биыл тұрмыстық зорлық зомбылық туралы Заң күшейтіліп, бұған қатысты кейбір баптар өзгерген еді. Толығырақ келесі сюжетте.

Соңғы кезде елімізде тұрмыстық зорлық зомбылық мәселесі өршіп тұр. Кейде жапа шегуші азаматтар әлеуметтік желі арқылы қоғамнан көмек сұрайды. Осыған байланысты тұрмыстық зорлық зомбылық туралы заң күшейтілді. Осы ретте Жастар бастамаларын дамыту орталығында Полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен арнайы шара өтті. Онда жастар полицейлермен кездесіп, арнайы алаңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сұрақтарын талқылады.

БАҚЫТЖАН ТҰРСАРИНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖПБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Жергілікті полиция бөліміне әйелдердің жүгінуі көбейді десем болады. Баптардың қылмыстық Кодекске өтуіне байланысты қала бойынша қылмыстық көрсеткіштер артқан. Оның ішінде 56 әйел дағдарыс орталығына бейімделіп отыр.

Айта кетейік, заңда көрсетілген баптардың қатаңдатылмағанына дейін көбінесе әйел адамдар жиі мәмілеге келуді таңдайтын. Енді бір мәрте ғана сотта екі жақ мәмілеге келеді, одан кейін кінәлі бірден қамауға алынады.

БАҚЫТЖАН ТҰРСАРИНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖПБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Өткен жылы 73 баптардың 2 бабы қатаңдатылып, ҚК өткізілген болатын. Осы екі бап бойынша, 45 қылмыстық істер қаралып, нәтижесі азаматтарға қатысты, нәтижесімен шешім қабылданған болатын 45. Ал, қалған 1600 жуық әйел азаматшалардың барлығы сотта қаралып, бұл кісілерге сотта кешірім, айыппұл салынып, қамауға алынған азаматшаларда баршылық.

Осы ретте полицейлер абьюзерлерден зардап шеккен әйелдер мен балаларға көніп жүрмей, тиісті органдардан көмек сұрауға шақырады. Қоғам мындай дерттің барын біліп, онымен күресу керек.

Самал Қалиқызы