Қаламыздағы бір колледждің басшысы жалған қызметкерлердің жалақысын жымқырып келген. Оның салдарынан мемлекетке жалпы 130 млн теңгеден астам материалдық шығын келген. Сот үкімімен ол бас бостандығынан шектелді.

2013-2023 жылдар аралығында колледж басшысы бюджет қаражатын әдейі бұрмаланған мәліметтермен жымқырып келген. Яғни, ол жалған қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу туралы құжатқа қол қойған. Соның салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 130 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.Прокурор мен жәбірленушінің өкілі Б.-ға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.Сотталушы Б өз кінәсін ішінара мойындады. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Іс бойынша шығын өтелмеген. Бірақ бұл ретте қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ.Осыны, сондай-ақ кінәсін ішінара мойындауын, жағымды мінезделуін және асырауында екі жас баланың болуын ескере отырып, сот Б.-ға банк шотындағы ақшалай қаражатын тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Қымбат Садық