Өрт қауіпті кезеңінде Аққулы ауданының орманды алқабында 19 өрт жағдайы тіркелді. Шығын көлемі 600 мың теңге құрап отыр. Құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері жайында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мезгіларалық кезеңде өрт шығу қаупі есейлей түсетіні анық. Бұған ауа райы да себепкер болуы мүмкін. Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, қызыл жалын тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, яғни найзағай соғуынан туындаған. Ал 57%-ы адами фактор салдарынан болады екен. Өрт – тілсіз жау. Осы орайда құтқарушылар халық арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.Себебі, орман алқаптары ерекше қорғалатын аумақ.

АЗАМАТ АСАЙЫНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫ ТЖБ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ

Орман дала алқаптарында табиғи өрттерді алдын алу мақсатында Аққулы ауданының төтенше жағдай бөлімімен орман шаруашылығына жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп топтар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 146 бірлескен рейдтік шара өткізілді.

Өрттің қауіпті маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 21 азамат айыппұл арқалады. Айта кетейік, мамандар былтырғы жылмен салыстырғнада биыл орман өрті 3 есе азайғанын айтады.

Әйгерім Тоқпанқызы