Қыркүйек айының бірінші жексенбісі күні елімізде отбасы күні аталып өтеді. Отбасы құндылықтарын дәріптек әр кез маңызды. Ал оның ішінде дені сау ұрпақ өсіру ерекше назарда. Осыған орай келешек аналар үшін перинаталдық орталықта, ашық есік күні ұйымдастырылды. Ақ жаулықты әжелеріміз мерекемен құттықтады.

Ашық есік күні отбасын жоспарлау тақырыбына негізделді. Перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері болашақ жас аналарға дені сау баланы өмірге әкелу, жеңіл босану, одан кейінгі күтім туралы айтты.

БАҚЫТГҮЛ ҚАЙРАТОВА, НӘРЕСТЕЛЕР ПАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ РЕЗИДЕНТ-ДӘРІГЕРІ

Біз бұл жерде отбасын жоспарлау арқылы әйелдер мен балалрдың аурушандығын төмендетуге, сонымен қоса олардың денсаулығын сақтауға көмектесу туралы айтамыз

Өз кезегінде аналар да мазалаған сұрақтарын қойып, айтылған кеңестерді ой елелігіне алды.

ЕКАТЕРИНА БЕЛОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Перинаталдық орталықтағы ашық есік күніне құрбыммен келдім. Екеуміздің де босану уақытымыз сәйкес келеді. Мен ақылы түрде босандыруды таңдадым. Сол жайында барлық ақпаратты алдым. Және бала дүниеге келгеннен кейін салынатын екпелер туралы білдік. Барлық сұрақтарға түсінікті жауап алдық, дәрігерлерге көп рахмет

Сондай-ақ, дәл осы сәтті пайдалана отыра «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі де қатысты. Ақ жаулықты әжелерміз отбасы күнінің маңыздылығына тоқталып, мерекемен құттықтады. Жалпы, олар жыл сайын келіп тұрады, бұл бастамалары «Отбасы- бақыт мекені» атауымен өтті.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Мұндағы мақсатымыз тек ғана н алар бақытты болсы, ешқашан жыламасын. Әр отбасы бақытты болуға лайықты, оғна жағдай жасалған. Сондықтан аналардың қуанышымен бөлісіп келіп отырмыз

Айта кетейік, босанған әйелдердің барлығы көпбалалы. Бірі оныншы нәрестесін дүниеге әкелсе, енді бірі егіз сәби сүйген аналар бар. Олардың бәрі бақытты. Басты байлығымыз отбасы дейді.

Әжелерміз барлық аналар қауымына сый-сияпаттарын тарту етіп, дені сау ұрпақ көбейе берсін деген тілектер жаудырды.

Қымбат Садық