«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Павлодар облысындағы биылғы жылғы жеңімпазы Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылында тұратын Теміровтер әулеті атанды. Облыс мерейін асқақтатқан әулетпен әріптесім Қымбат Садық танысып қайтты.

 «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы тәрбиенің үлкен мектебі. Ал, тамырын тереңге жайған Теміровтер отбасы мерейлі деген атқа әбден лайық. Отағасы – Рысбек Теміров көпбалалы отбасында дүниеге келген. Электрик болып, бір салада қызмет атқарғанына 40 жыл уақыт толған. Ал әулеттің анасы Шолпан Байдильдина. Баянауылда дүниеге келіп, ұстаздық қызметті таңдаған. Қазір Қараоба ауылының әкімі. Жұптары жазылмаған жандар 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді.

Бүгінде олар алтын асықтай ұл, күміс қасықтай қыздарымен мақтанады. 3 баласына берген тәрбиенің еш кетпегеніне марқаяды. Ұрпақтарының барлығы ұстаздық жолға түскен зиялы әулет.

ШОЛПАН БАЙДИЛЬДИНА, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қоғамда болсын біз балаларды құрметке,кішіпейілдіклікке, сенімділікке үйреттік деп ойлаймын. Бізді жерге қаратқан жоқ.Ең бірінші, бізге нағыз керек ол сенім. Әрбіреуіміз әр жерде жұмыс істейміз. Сол қызмет бабында кісіні қызметіне қарап, бағалама,оның адамгершілік қасиетіне қара, ең бірінші амандасып жүр деп үйретеміз.Жақсы тәрбие бердік деп ойлаймыз

Отбасының тұңғышы Айнұр қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын аяқтаған. Астана қаласындағы Бином лицей-мектебінде еңбек етеді. Ал ұлдары Нұрболат Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болса, кенже қыздары Мадина Қараоба мектебінде тарих мұғалімі болып қызмет етіп келеді.

НҰРБОЛАТ ТЕМІРОВ, РЫСБЕК ТЕМІРОВТЫҢ ҰЛЫ

Білімге деген құштарлық әкеміздің отбасындағы берік тәрбиесі мен тәртібі деп айтуға болады. Өйткені болашақта ғылым мен білім ғана оқыған адамды биік белестерге жетелейді деген өмір бойғы әке ұстанымы бізді ғылым мен білімге жетеледі 01:40

АЙНҰР ТЕМІРОВА, РЫСБЕК ТЕМІРОВТЫҢ ҚЫЗЫ

Әке-шешемнің басты өмірге бергені ұйіміздегі берекені ұстай отырып, сендер басқа ештеңеге алаңдамандар, басты міндеттерін сабақ оқу, белгілі бір мамандықты алып шығу, адам болу деген ұстанымды құйып берді. Сондықтан біз бар ынтамызды сабаққа арнадық, әр бос уақытымыз мектепте өтетін, Кез келген сайыста қанжығамыз майланып келетін

Елге сыйлы әулет туралы ауылдастарынан тек оң пікір ғана естуге болады..

  КҮЛӘШ СӘРСЕНБЕКОВА, КӨРШІСІ

Сондай бір қарапайым отбасы. Мына көпбалалы отбасыдан шыққаннан шығар барлығымен тіл табысып кетеді. Енді қонақжайлылықтары есіктен кіре балалармен қарсы алып, үлкен сый-құрмет көрсете

Отбасындағы әрбір адам ізгілік нәрімен сусындап, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетуді тал бесіктен үйренсе, кейінгі ұрпақ сабақтастығымен оны дәріптесе, мұндай әулеттің діңгегі мықты, болашағы жарқын болары сөзсіз.

Қымбат Садық