Ертең, яғни 7 қыркүйекте қазақтың Халық әртісі, домбырашы Рүстембек Омаровтың туған күні. Күй өнеріне зор үлес қосқан жерлесіміздің биыл 105 жылдығы тойланып отыр. Осыған орай Бұқар жырау атындағы музейде мерекелік шара ұйымдастырылды.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Күй ғұмыр» тақырыбымен муызкалық кеш өтті. Ол жерлесіміз Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналды. Ол 1919 жылы Аққулы ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген. Оның өнеріне Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов сынды ірі тұлғалар жақсы баға берген.

БЕЙСЕН СӘТИЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

Алматыда Ахмет Жұбановтың бастауымен құрылған қазақ оркестрдің белді мүшесі болған. Ленинградта білім алған. Сол білімін 1946 жылдан 1951 жылға дейін Құрманғазы консерваториясында жалғастырды. 1951 жылдан бастап домбырашылар тобының концертмейстері қызметі атқарған.

Рүстембек Омаровтың орындауындағы халық күйі «Ақсақ құлан», Құрманғазының «Ақсақ киік», «Жима» күйлері әлі күнге тыңдармандар жадында.

МАРЖАН ШАЙХИМОВА, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына орай шара өткізіп жатырмыз. Сәуір айында «Ғасырлар пернесі» атты байқау өткіздік. Өзінің жеке заттары қойылған көрме де ашылды.

Шараға ақсақалдар, өңірдің зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар қатысты.

Самал Қалиқызы