Облыстық көркем сурет музейінде ҚР суретшілер одағының мүшесі Өсербай Шорановтың өмірінен сыр шертетін деректі фильмнің тұсауы кесілді. Шараға әріптесіміз де қатысып қайтты.

Өсербай Аманжолұлы Шоранов - Қазақстан Республикасы өнер академиясының академигі. «Павлодар облысының Суретшілер одағының төрағасы. Ғұмырын шығармашылық жолға арнаған өнер иесі. Суретші туралы деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі Нағымбек Нұрмағамбетов атындағы облыстық көркем сурет музейінде өтті.

ОЛЬГА ПАШКО, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Бұл фильмде сурет өнері арқылы өзін және өз қозқарасын қағаз бетіне түсіріп, кескіндемеге өзіндік қолтаңбасы арқылы бірден көзге түсетін қыл қылым шебері туралы айтылады. Өсербай Аманжолұлына қарап біз суреттің қаншалықты бай екенін сезінеміз

Деректі фильмде Өсербай Шорановтың шығармашылығы бейнеленген.

ӨСЕРБАЙ ШОРАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Бұл енді бұндай фильм болашақ ұрпаққа жастарға керек. Жастар көріп өзіне керегін алады. Жалғыз ғана мен туралы түсіріп жатқан жоқ. Әнуар Игембаев жайлы да бар. Жыл сайын осындай фильм түсіріліп отырса бұнын барлығы ұрпаққа керек.

Шараға қылқалам майталмандарымен қоса, оқушылар да қатысты. Олар бояу мен қаламды серік еткен жанға сауалдарын жолдады.

Шара соңында облыстық көркем сурет музейінің басшысы құттықтау білдіріп. Сыйлығын табыстады.

Байтұрсын Жұмабай