Павлодар өндірісті өлке. Кәсіпорындардан шығатын қалдықтар экологияға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Биыл өңірде атмосфераға ұшатын шығарындылардың нақты көлемі 508,0 мың тоннаны құрады. Мамандардың айтуынша 2600 тоннаға азайған. Бұл жөнінде экология департаментінің басшысы брифинг барысында айтты.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі баршамызды алаңдататыны анық. Экология департаментінің мәліметіне сәйкес өңірде қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, заңсыз қоқыс орындары көбеюде. Павлодар өңірінде 205 қоқыс орны анықталған екен.
ҚАНАТ МҰСАПАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Ғарыш сапары деген бізде космомониторниг бар бізде. Сол бойынша біздің облыста 205 орын анықталған. 2024 жылы. Соның 199 і жергілікті атқарушы орган және жергілікті полиция қызметкерлерімен бұл орындарды анықтап, ол орындарды бүгінгі күні тазалап шықты. Қалған орындар кейбірелері жер актілерін алып жатыр. Екеуі бойынша космомониторинг арқылы анқытлағн орындарды жергілікті атқарушы орган .. сол кезде ғана анықталады.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың сегіз мемлекеттік мекемесі жауапқа тартылып, 1 миллион 400 мың теңге айыппұл арқалады.
ҚАНАТ МҰСАПАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Экологический культура дейді. Біздің тұрғындарды, сана сезімінің әлі оған жетпей тұрғаны сол арқылы біз анықтап, жаңағыларды қосымша анықтап, тазалатқызып жатырмыз. Тазаланбаған қатты тұрмыстық қалдықтарды, иесіз қалғандар. Оларға жергілікті атқарушы орган қаржы бөліп, коммуналды хозяйст шығарып жатыр. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасады.
Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. ERG кәсіпорындары энергия блогын жөндеген. Бұл арқылы ауаға таралатын зиянды қалдықтар 7000 тоннаға азайған. Алюминий зауыты пештеріндегі электр сүзгілерін ауыстырды. Бұнда 2500 тоннаға төмендеген.
ҚАНАТ МҰСАПАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Республика бойынша ең үлкен шығындылар. Өйткені бізде промышленный өңір болғандықтан ең үлкен ГРЭС 1,2 де бірақ оның нормативтері бойынша, зиянды шығандылардың өз нормативі болады.
Зауыттардан шығатын қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын азайтып, кәсіпорындардың санитарлық аумақтарын көгалдандандыру шаралары да жалғасуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акция барысында өндіріс аймақтарына ағаш отырығызылды. Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғау үшін 39,9 млрд. теңге бөлініпті.
Әйгерім Тоқпанқызы