Еңбек ауылының тұрғындары жетер жеріне айналма жолмен баруға мәжбүр. Себебі, теміржолшылар өткелді жауып тастаған. Бұған қатысты сот та шешімін шығарды. Ауыл тұрғындары базынасын өңірді аралап жүрген ҚР Парламенті мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетовке айтты. Нәтижесі қандай? тілшіміз айтсын.
Нұржан Әшімбетовтің қабылдауына Ақсу ауылдық аймағының тұрғындары 7 жыл бойы шешілмей келе жатқан сұрағымен жүгінді. Еңбек ауылы маңындағы өткел жабылғалы талай уақыт өтті. Салдарынан халық тура баратын жерге, айналма жолмен жетіп жүр.
МҰХАМЕДСАПАР АХМЕТОВ, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
2018 жылы сәуірде жауып тастады. Біз Евгеньевка деген ауыл арқылы өтеміз. Тура барғанда 63 шақырым, айналып барғанда 100 бірдеме шақырым. Біздің жағдай осылай болды. Осындай міне.
НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Жергілікті әкімдік бұған қалай шешім қабылдады деп сұрадық. Халықпен кездесу болды деді. Халықтан сұрасақ, бізден ешкім сұрамады. Біз қарсы болдық дейді. Сосын депутаттармен Еңбек ауылына бардық, тұрғындармен кездестік. Олар өздері аң-таң біз рұқсат бермедік деп отыр.
Ал, теміржолшылар керісінше бұл өткелден ешкім өтпейді деп отыр.
БАҒДАТ ӘЙТІМБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІРЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚ ӨКІЛІ
Бұл переезден неше техника өтеді. Неше кісі өтеді. Сол кезде бізде шығып тұр. Бір айда 2 машина ғана өтеді. Зерттелді,. Неге зерттелген жоқ?
Содан ауыл тұрғыны сотқа жүгінген. Облыстық соттың шешімі халықтың пайдасына шықты. Бірақ оған тұрғындар әлі күмәнмен қарап отыр.
МҰХАМЕДСАПАР АХМЕТОВ, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Сот шешімі бізге ақтап ашылсын, халық сұрап жатыр деп берілді. 1 ай уақыт берілді. 1 айда күшке берілді. Мен сенбедім. Мыналар жоғары орныға жаза ма деп. Жазама жазбайтынын білмеймін. Жаңа жазбаймыз деп отыр ғой.
Осылайша соттың күшіне енуіне бір ай уақыт бар. Ал, мәжіліс депутаты жағдайды соңына дейін бақылауда ұстайтынын айтты.
Самал Қалиқызы