Павлодар облысына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм келді. Мәртебелі мейман алдымен аймақ басшысымен кездесті. Кейін облыс орталығының мәдени орындарымен танысты. «Ертіс» телеарнасының тілшілеріне сұхбат беріп үлгерді.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен АҚШ арасында ауқымды жобалар қолға алынды. Мәртебелі мейман Ертіс Баян өңіріне келе салысымен облыс әкімі Асайын Байхановпен кездесті. Аймақ басшысы Павлодар Ертіс өңірінің ерекшеліктерін айтып, өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерімен бөлісті.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жоғары деңгейдегі бәсекелестік құру деген. Біздің облысымызда экономиканың басты бөлігі – өндіріс, яғни промышленность. Өндірісте бізде 65 пайыз экономика деп айтуға болады. Оны бізге диверсификация ретінде шағын орта бизнесті дамыту керек, айти, жанаснды интеллект, өндірісті өндеу, или обрабатыващий отрасль.

Сондай-ақ, өңір басшысы экономикалық ынтымақтастықтан басқа, АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен - American Corner Pavlodar және Makerspace серіктестік бағдарламалары жұмыс істейтінін атап өтті. Кейін елші «Ертіс» музейін аралап, экспонаттармен танысты. Одан соң Дэниел Розенблюм Торайғыров атындағы кітапхана барды. Елшінің жетекшілігімен АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілгенін айтты.

ДЭНИЕЛ РОЗЕНБЛЮМ, АҚШ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ

Екі жыл ішінде біз қарым қатынасты нығайта түстік. Осыған дейін де қатынас жақсы болды. Бірақ байланысты одан да жақсартуға мен бар күшімді салдым. Бірге қолға алған түрлі жобалар бар. Ірі инвестициялар жобалар қолға алынды. Wabtec компаниясы, американдық компания, Астанаға жақын зауытта локомотивтер шығарады. Бізде Coca-Cola және PepsiCo бар, олар мұнда жаңа сусындар мен тағамдар шығаратын зауыттар ашады. Біз сондай-ақ маңызды минералдарды өндіретін компаниялардың айтарлықтай жаңа инвестицияларын көріп отырмыз. Біз Қазақстандағы американдық компаниялар үшін мүмкіндіктерге өте қуаныштымыз және бұл жалғасады деп күтемін.

АҚШ-тың елшісі облыстық кітапхананы аралап, америкалық бұрыш аясында ағылшын тілі клубының оқушыларымен кездесті. Сондай-ақ, Флекс сынды бағдарламалардың түлектерімен де жолықты. Айта кетейік, Ақш-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 20 қаңтарда қызметінен кетіп, зейнеткерлікке шығады.

ДЭНИЕЛ РОЗЕНБЛЮМ, АҚШ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ

Бұл Мен үшін үлкен қадам. 40 жылдық кәсіби жұмысымнан кейін мен жаңа өмір мен жаңа кезең туралы ойланамын. Шынымды айтсам, мен не істейтінімді Әлі білмеймін. Менің ойымша, мен сабақ беремін. Мен АҚШ университеттерінде жұмыс істей аламын, мүмкін жазумен айналысып, көп саяхаттаймын, соның ішінде Орталық Азияға оралу. Мүмкін Мен тіпті бір күні Орталық Азияға турлар жүргізетін шығармын. Бірақ, ең бастысы, мен АҚШ үкіметінде жұмыс істемейтініме қарамастан, мен оған үлес қосуды жалғастырғым келеді.

Павлодар облысына ресми сапары соңында Дэниел Розенблюм Орталық Мәшһүр Жүсіп мешітіне барды. Өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы сәулетті мешіттің тарихымен таныстырып, мәртебелі мейманды кітапханаға апарды. Елші мол ақпарат пен қонақжайлық үшін алғысын білдірді.

Самал Қалиқызы