«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне жиналған қаржыға мемлекет жыл сайын 5%, ал әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7% мемлекеттік сыйақы төлейді. Президент тиісті заңға қол қойды. Жоба аясында 5 жастан асқан балалардың болашақта жоғары оқу орнында білім алу үшін қаржы жинақтауға мүмкіндік бермек. Жинақтау жүйесіне ұлттық қор балаларға жүйесінің шотына түскен қаржыны да аударуға болады.

ЖАННА ЕСИНБАЕВА, ҚР ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Егер бала білім беру грантына ие болған жағдайда келешекте жиналған қаржыны ары қарайғы деңгейде яғни магистратура немесе доктарантура деңгейіне жұмсауға болады. Не болмаса өзінен кейінгі іні қарындастарына, апа сіңділеріне де жиналған қаржыны ауыстыруға болады. Ақшаны шешіп алуға болады яғни жоғары білім туралы дипломын ұсынған жағдайда. Не болмаса барлық жиналған қаражатты барлық жиналған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.