Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды. Құтқарушылар жеке және көпқабатты үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын түсіндірді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға арнайы жадынамалар таратты. Әсіресе, пештерді дұрыс пайдалану, электр құрылғыларымен ережеге сай қолдануды түсіндірді. Тілсіз жау, қарапайым сақтық шараларын жүргізбеуінен орын алады дейді құтқарушылар.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнай рейд жұмыстарын жүргізді. Рейдтің басты мақсаты өрт профилакикалық жұмыстарын жүргізу. Осыған байланасты жеке тұрғын секторында және көп қабатты үйлерінде маскүнемдік тұлғалардың арасында өрт профилактикалық іс шараларын жүргізу болып табылады.

Рейд барысында мамандар тұрмыстық электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігін еске салды.

Төтенше жағдайлар департаменті барлық тұрғындарды өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.

Сабина Жолдаспаева