Ертіс өңірі үздік дәрігерлердің бірімен қоштасты. Мыңдаған адамды құтқарған күйік дәрігері Марат Қанжығалин 11 қаңтарда қайтыс болды.

16 желтоқсанда комбустиолог-дәрігер елордалық ауруханалардың бірінде кома жағдайында реанимацияға түсті. Ал 11 қаңтарда оның қайтыс болғаны белгілі болды. Павлодар күйік медицинасының бастауында тұрған дәрігер. Мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған нағыз маман. Дәрігер өз ісіне адал болды және оған 30 жылдан астам ғұмырын арнады. Бірінші Павлодар қалалық ауруханасында еңбек етті. Оның кәсіби шеберлігі Ертіс өңірінде жоғары бағаланды, ол көптеген марапаттарға ие болды. Екі жыл бұрын Марат Ғабдуллұлы "алтын скальпельдің" иегері атанды.

МАРАТ ҚАНЖЫҒАЛИН, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ КҮЙІК БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Менің еңбегім еленді деп ойлаймын. Облысымыздағы бұл жалғыз бөлімше. Еліміз бойынша осындай 6 бөлімше бар. Жақсылық тілеймін, жақсы көңіл күй тілеймін.