Қаңтардың 9-ы күні сағат 09.55-те Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындары жер дүмпуін сезген. Мән-жайларды анықтау барысында Қазақстандық Ұлттық сейсмология орталығы берген координаттар тексерілді. Сілкініс Майқайыңнан 15 шақырым жердегі далада болған. Себебі әлі белгісіз.