Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын өткізді. Нарықтағы баға тұрақты ма? Тілшіміз саралап қайтты.

Бұл жолы партиялықтар "Greenwich" гипермаркетінде, сондай-ақ "Колос" "Нұр Иман" дүкендеріндегі әлеуметтік сауда нүктелеріне барды. Халықтың пікірін тыңдап, бағаны тексерді.

Бізде бірінші сұрыптағы ұн сатылады. Күріш 436 теңгеден, қарақұмық 143 теңгеден, макарон 275 теңгеден саудаланады., Мына қаптағы өнімдер әлеуметтік бағамен сатылады. Барлық бағалар қолжетімді.

Арнайы баға белгілерімен көрсетілген әлеуметтік және тұрақтандыру қорынан сатылатын өнімдер дүкен сөрелерінде басқа бағамен сатылмайды дейді партия мүшелері. Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында өңірдің 10 кәсіпорны қияр, қызанақ және сүт өнімдерінің бағасын көтермеу міндеттемесіне қол қойған еді.

ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазақстан халқы партиясының облыстық филиалының өкілдері әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізді. Оның барысында бағалар белгіленген нормаларға сәйкес келетіні анықталды. Біз тіркеген баға жаңа жылдық кезеңнен кейінгі деңгейге сәйкес келіп тұр. Және қала тұрғындары да әлеуметтік маңызы бар тауарларды белсенді сатып алуда

Мұндай жұмыстар бағаның тұрақтылығы мен қолжетімділігін бақылайды. Тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік бағалары негізсіз өскен жағдайда кәсіпкерлерге шара қолданылады.

Қымбат Садық