Қаламыздағы ойын сауық орталықтарының бірінде 5 метрлік биіктіктен 4 жастағы бала құлады. Оның қазіргі жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.
Әмір кезекті демалысында атасымен, ағаларымен қаламыздағы ойын сауық орталығында ойнап жүрген. Бір мезетте мына бейнеде көрсетілген жыртылған тордан төменге кұлап кеткен. 5 метрлік биіктіктен төменге жүйткіген бала аман қалды.
МӨЛДІР ӘЛИАҚПАРОВА, АНАСЫ
Балам жексенбі күні ата-әжесімен Батыр молда болды. Балалар ойын алаңына кірген, онда ересектерді кіргізбейді екен. Үлкен ұлым бейнемен хабарласып, Әмірді көрсеткенде шошып кеттім. Баланы алып шыққанда аузынан, мұрнынан қан ағып жатты. Бірден жедел жәрдем, полиция шақырдық. Баламды ауруханаға алып кетті мен қайта ішке кіріп бәрін суретке түсірдім. Осындай жағдай қайталанбаса деймін Сотқа жүгінемін, орталықтың әкімшілігі жауап тартылсын.
Ал, дәрігерлер баланың жағдайы орташа дәрежелі деп отыр.
ТАЛҒАТ ҚАСЫМБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ
Бала кешегі күні түсті Батыр молда құлаған. Орташа дәределі ауырлықта. Баланың көңіл күйі физикалық жағдайы жақсы. Бас ми шайқалуы. Барлық емдік шараларды алып жатыр. Жалпы бұндай жағдайда біздің бақылауымызда жатады.
Сауда орталықтарындағы ойын алаңдарының ішкі жағдайына, қауіпсіздік техникаларына іште жүретін мамандар, әкімшілік қана жауапты. Сондықтан дәл осындай жағдайларда кейде көп сұрақтар жауапсыз қалып жатады.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
Бұл факті Павлодар қаласының оңтүстік полицияда тіркелген. Осыған байланысты емделгеннен кейін сот медициналық сарапта тағайындалады. Құқықтық баға берілетін болады.
Баланың анасы бірден бала құқықтарын қорғау бойынша уәкілге хабарласқан. Бұл жағдайдан кейін омбудсменге әлеуметтік желіде осындай ойын орталықтарына тексеріс жүргізу бойынша ұсыныстар көптеп түсіп жатыр дейді.
СӘУЛЕ ШӘКЕНЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ УӘКІЛІ
Сұрақты өз бақылауыма аламын. Тұрғындар әлеуметтік желіде осындай ойық сауық орталықтарына тексеріс жүргізуді сұрап отыр. Бұл сұрақты да бақылауға аламын. Облыстық прокуротурамен сөйлестім, прокурорлық тексерісті қолға аламыз.
Осы жағдайдан кейін демалыс күндері балаларын ойын аймақтарына кіргізіп, өздері дүкен аралап кететін ата-аналар ойланар деген үміттеміз. Қалай болғанда да сіз бен біздің баламыз үшін сіз бен бізден артық ешкім жауапты бола алмайды. Себебі, ойын аймақтарындағы техникалық жағдайлары бәймәлім. Еске сала кетейік, дәл осындай балалар ойын аумақтарына ересектерді өкінішке қарай кіргізбейді.
Самал Қалиқызы