Қалқаман кентінде сұйық май шығаратын зауыт пен шұлық өндіретін кәсіпорын ашылады. Павлодар облысының әкімі Ақсу ауылдық аймағына жұмыс сапары барысында 2025 жылы жүзеге асатын жобалармен танысты. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

 Алдымен облыс әкімі Ақсу ауылдық аймағының Спутник ауылына барды. Мында жылдар бойы тұрғындар медициналық көмекті мектептің ішінде орналасқан медициналық кабинетке кіріп алып отырған. Былтыр тамыз айында Спутник мектебінің бір бөлігі Денсаулық сақтау басқармасының балансына беріліп, осында жеке медициналық пункт жұмысын бастады. Енді 200-ден астам тұрғын тиісті көмекті осындан алады.

Облыс әкіміне медпункт көрсетіліп, Ақсудағы жүзеге асатын жобалар таныстырылды. Оның бірі қалалық емхананың қосымша нысанына қатысты болды.

Бұдан бөлек, аймақ басшысына Спутник ауылында жүзеге асқалы жатқан жобалар көрсетілді.

Асайын Байханов ауыл тұрғындарымен кездесіп үлгерді. Олар өз кезегінде Павлодармен екіортадағы жолақысын арзандатуды сұрады. Себебі халықтың басым бөлігі облыс орталығына қатынап жұмыс істейді екен.

Келесі кезекте Асайын Байханов Қалқамен кентіне атбасын тіреді. Мында 2025 жылдың қыркүйегінде қолға алынатын май экстрациясы зауытының жобасы таныстырылды. Құны 2.9 млрд теңге болатын жоба май және мал азығын дайындаумен айналысатын болады.

ЕРЛАН ТОҚТУШАКОВ, «ЕРТІС АГРО» ӘКК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жылына 30 мың тонна шикізат шығаруды жоспарлап отырмыз. Жылына 9 мың тонна рафинадталмаған, 3500 тонна рафинадталған және 10 тонна мал азығы шығарылады. Өңірде мал азығына қатысты мәселе бары жасырын емес. Сондықтан оны өзімізде шығармақпыз. Дайын өнімді ішкі нарықта, Қытайға, Ауғанстан, Өзбекстанға шығармыз деп отырмыз. Шикізат өзіміздің шаруалардан жиналады.

Зауыт 40 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр, жұмысшылардың жалақысы 400 мың теңгеден басталады. Жылына 30 мың тонна өнім шығарылады деп күтілуде. Инвестициялық жоба жүзеге асса өнім алыс жақын шетелге жіберіледі. Сонымен қатар, Қалқаманда шұлық өндіретін кәсіпорын биыл қолға алынбақ. Жылына 15 млн жұп шығаратын зауыт алдымен ішкі өнімді қамтып, кейін сыртқа шықпақшы. 300 адам жұмыс қамтылады деп жоспарланып отыр. Құрал жабдық Оңтүсітік Кореядан, ал Шикізат Өзбекстаннан әкелінеді.

Осылайша биыл Ақсу ауылдық аймағында бірқатар ілкімді жобалар жүзеге асатын болады. Олар орындалса ауылдағы ағайын тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.

Самал Қалиқызы