Павлодар қаласының дәрігерлері омыртқаға күрделі ота жасады. Бұл қызмет түрі пациенттерге тегін көрсетілді. Тіпті, біздің өңірге басқа облыстардан келіп, ем қабылдайтын азаматтар да бар. Толығырақ келесі сюжетте.
Бұл ота-қимыл қозғалысынан айрылған емделушілерге қайтадан толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Мұндай емнің құны бір миллион теңгеден асады. Алайда, мәмс арқасында, от тегін жасалды.
АҚЫЛБЕК ЫСҚАҚОВ, НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ
Маған екі пациент келді. Бірі Семейден. Ол маған телефон арқылы хабарласып, кеуде омыртқасы қатты ауырып тұрғанын айтты. Мен оған WhatsApp желісі арқылы ОСМС бағдарламасы бойынша Шульбинск поликлиникасына стационарлық ем алу үшін жолдама жібердім. Онда оны тексеріп, барлық қажетті анализдер алынды.
Нейрехирург дәрігерге тек жергілікті тұрғындар ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен пациенттер келеді. Жақында пациенттерінің бірі Семей маңындағы Шульбинск ауылының тұрғыны болды. Ер адамда 40 жыл ауырып жүрген. Омыртқасының екі жерінен ісік анықталды.
АНАТОЛИЙ ДАРМИН, ЕМДЕЛУШІ
Мамандар маған осындай диагноз қойды. Менің омыртқамды инъекциялар мен капельницамен емдейтін. 10-шы күні операция жасалды. Гемангиома ісігі 10-шы және 12-ші омыртқадан анықталды. Ота жасалып, мені аяққа тұрғызды. Кеше мен өзімді жақсы сезіндім. Қазір еркін жүріп, қозғала аламын.
Көрші палатада операциядан кейін 87 жасар Александра Афанасьевна ем алып жатыр. Ол клиникаға кеуде омыртқасының сынығымен түскен. Заманауи технологияларды қолдана отырып, дәрігерлер зейнеткерге көмек көрсетті.
АЛЕКСАНДРА МАШИНА, ЕМДЕЛУШІ
Қазір өзімді жақсы сезінемін. Мен ауырған күйде түстім. Мені балаларым әкелді. Операциядан кейін мен өзімді жақсы сезіндім. Дәрігерлерге көп рахмет.
Ота сәтті аяқталғаннан кейін емделуші 3-4 сағаттан соң қайта аяғына тұрды. Зейнеткер енді отбасымен қауышып, немерелерімен уақыт өткізуді жоспарлап отыр .
Сабина Жолдаспаева