Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмас берген еді. Жалпы, төртінші кезеңде қандай ұсыныстар қаралады? Алдағы сюжеттен көрейік.

  Биыл тапсырылатын құжатта ел аумағынан тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады. Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі, автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлық қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.

МИРГҮЛ МАЖИМОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Біздің елімізде салық саясатын әзірлеуші қаржы министрлігі азаматтардың келесідей азаматтары үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны міндетті түрде тапсыру жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр. Ол шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары мен резиденттері, банк шоттарында 3 млн теңгеден асатын ақша болса тапсыруға міндетті. Жеке сот орындаушылар, медиаторлар, нотариустар, адвокаттар мен декларацияны өз бетімен ұсынғысы келетіндер санаты да бар

Жыл сайын табыстар мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру міндеттемесі де бар. Онда мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдардың басшыларымен құрылтайшылары, шетелде мүлкі бар тұлғалар енеді. Қазіргі таңда басқа да ұсыныстар қарастырылып жатыр.

МИРГҮЛ МАЖИМОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бұл мемлекеттік қызметшілер. Сонымен қатар ҚР және одан тыс жерлерде құны 72 млн теңгеден асатын ірі мүлікті сатып алған жағдайда 270 нысаналы ұсыныстар енгізіліп жатыр

Павлодар облысында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңде 181 мыңнан астам адам табысын көрсеткен. Айта кетейік, егер декларацияны тапсырмаған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Қымбат Садық