Мәжіліс депутаттары жұмыс барысымен өңірлерде аралап жүр. Халық қалаулары өңір басшысы Асайын Байхановпен бірге Павлодар машина жасау зауытында болды. Онда жұмысшылармен кездесу өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Депутаттар кездесуде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге былтыр қабылданған заңның тармақтарын түсіндірді. Ауыр және зиянды ортада жұмыс істейтін жұмысшыларға әлеуметтік төлем енгізілгені мәлім. Бұл олардың денсаулық жағдайын түзеп ем алуына септігін тигізеді.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Биыл Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Сондықтан бұл жерде нақты жұмысшы мамандардың күнделікті жұмыс барысымен, өндіріс қуатымен, жаңа технологиялардың қалай еніп жатқандығымен көзбен көріп таныстық. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кәсіпорында 800 қызметкер жұмыс жасап отыр. Еліміздің метеллургия, темір өңдеу өнеркәсібіндегі ілгері кеткен қуатты кәсіпорын. Шығарған өнімдерінің бірқатарын көрдік. Яғни бұл еліміздің өнеркәсібіне қолдау білдіріп отыр деп айтсақ болады

Кәсіпорын темірден тұрмысқа қажетті бұйымның барлығын шығарады. Кездесуде жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Әсіресе, баспана мәселесі өзекті.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Жұмысшылармен кездесу барысында оларды толғандырған сұрақтарға да тоқталдық. Шынымен де, баспанаға қатысты, баспанамен қамту, баспананы әрі қарай кеңейтуге қатысты өз ұсыныстарымен тілектерін жеткізіп жатыр. Бұның барлығын өз назарымызда ұстаймыз. Енді білесіздер Парламент қабырғасында осы зиянды ортада қызмет жасайтын мамандарға зейнет жасына, басқада өзгерістерге қатысты енгізілген болатын

Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Қазір зауытта 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Еңбеккерлерге қолдау жан жақты да көрсетіледі. Кәсіпорында токарь болып еңбек ететін Нұртас Балмағанбет 23 жаста. Жас маман былтыр токарлер арасында өткен байқауда үздік атаныпты.

НҰРТАС БАЛМАҒАНБЕТ, ПАВЛОДАР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

2024 жылы өткен Қазақстан бойынша «ERG skiils» байқауы бойынша 1-орын алдым. Бірінші орын алғаным үшін Қытайға 2 жұмаға тәжірбиеге жіберді. Сол Қытайдан 2-орын алдық. Қытайда да байқау өтті осы Қазақстандағы сияқты

Отандық өндірістің күн санап қарыштап келе жатқаны көңіл қуантады. Кәсіпорынды дамыту жұмыстары әрі қарай жалғасын таппақ.

Қымбат Садық